Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

"Қылмыстық істер қозғалды": еңбек министрі заңсыз декреттік төлемдерге қатысты тексеріс жүріп жатқанын айтты

66



Еңбек министрлігінің басшысы Светлана Жақыпова Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры бойынша жаппай тексерулер жүріп жатқаны туралы ақпаратты растады.

"Дәлелденген фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сәби күтіп жүрген жас келіншектерге мынаны айтқым келеді – табысты бұлай таппайды, болашақ сәбиіңіздің өмірі бұлай басталмауы керек. 1,4 мыңнан астам кәсіпкер жүкті әйелдердің кірісін арттыру мақсатында алаяқтық схемалар қолданып, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан қаражат шығарған. Айта кетерлігі, ол заңға бағынатын азаматтардың әлеуметтік аударымдарынан жинақталады", - деді министр NUR.KZ тілшісіне берген эксклюзив сұқбатында.



Сондай-ақ, Светлана Жақыпованың айтуынша, жұмыс берушілердің өзі бұл жайттан бейхабар болған. Оның дерегінше, 500-ден астам кәсіпкер еңбек қатынасы жоқ екенін растаған.