Halyk Finance сарапшыларының мәлім еткеніндей, қазан айындағы инфляция 8,5%-ға жеткен. Бұл қыркүйектегі 8,3%-бен салыстырғанда 0,2%-ға жоғары.
Қателеспесек, жыл бойындағы ең жоғары мән шілде айында байқалып, инфляция 8,7%-ға дейін көтерілген болатын.
Коммуналдық қызмет, әсіресе электр энергиясы, суық су, және орталық жылытудың бағасы едәуір өскен: электр энергиясы 22,9%-ға, суық су 60,3%-ға, ал орталық жылытудың бағасы 33,6%-ға артқан.
Азық-түліктің өсімі қыркүйекпен салыстырғанда (5,1%) азайғанымен, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 7,8%-ға қымбаттап инфляцияны құтырта түскен.
"Ұлттық қордан қазынаға қосымша 2 трлн
бөлінуі де жағдайды ушықтырып жіберді. Қаражат қыркүйек-қазан айларында экономикаға түсіп, ликвидтілікті арттыру арқылы сұранысты көтерді және инфляциялық қысым жасады. Алдағы айларда инфляцияның төмендеуі екіталай. Жыл соңына дейін 8,5% деңгейінде қалады. Осыған байланысты,
Ұлттық банк базалық пайыздық мөлшерлемені ағымдағы деңгейде сақтайды", - деп болжам жасаған екен Halyk Finance сарапшылары.
Ұлттық қордан бюджетке ауған ілгерідегі 2 трлн теңге экономикадағы ақша массасының өсуіне және инфляцияның қарқын алуына ықпал етеді. Басқаша айтқанда, нарықтағы ақша мен нақты тауардың тепе-теңдігі бұзылады, тауар мен қызмет бірліктері санына қарағанда ақша көбірек айналымда болады.
https://t.me/dalafinance