Қытай долларлық миллиардерлер саны бойынша АҚШ-ты басып озды

44

Munarmedia.kz 09.03.2026/Astana/ АҚШ әлемдегі ең ірі экономика мәртебесін сақтап отырғанымен, соңғы жылдары байлық орталығы біртіндеп Азияға ауысып бара жатқандай. Бұл үрдіс әсіресе миллиардерлер саны бойынша анық байқалады.

Қытайлық Hurun Research Institute зерттеу орталығы жариялаған Hurun Global Rich List 2026 рейтингіне сәйкес, Қытай долларлық миллиардерлер саны жағынан АҚШ-ты басып озып, әлемде бірінші орынға шықты.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, 2026 жылы әлемдегі долларлық миллиардерлер саны алғаш рет 4 мыңнан асты. 15 қаңтардағы жағдай бойынша олардың жалпы саны 4020 адамды құраған.

Елдер бойынша рейтингте Қытай айқын көшбасшы атанды. Бұл елде 1110 миллиардер тіркелген. Бір жыл ішінде олардың қатарына тағы 287 жаңа миллиардер қосылған.

АҚШ екінші орынға жайғасты. Мұнда 1000 миллиардер бар, өткен жылы олардың саны 130 адамға артқан.

Ал Үндістан үшінші орынға көтерілді. Елде 308 миллиардер бар, бұл бір жыл бұрынғыдан 24 адамға көп.

Рейтингтің келесі орындарында Германия, Ұлыбритания және Швейцария тұр.

Рейтингте Ресей жетінші орынға тұрақтады. Елде 105 долларлық миллиардер бар. Бір жыл ішінде олардың саны 16 адамға көбейген.

Ресейлік миллиардерлердің жалпы байлығы 493 млрд долларды құрайды.

Зерттеуге сәйкес, Ресейдегі ең бай адамдар негізінен келесі салаларда табыс табады:

  • металлургия және тау-кен өндірісі – 20 миллиардер

  • инвестициялық бизнес – 13 адам

  • бөлшек сауда – 10 адам

  • энергетика саласы – 10 адам

Сонымен қатар елдегі миллиардерлердің басым бөлігі Мәскеуде тұрады. 105 миллиардердің 82-сі осы қалада тіркелген.

Ресейлік миллиардердің орташа жасы – 61 жас.

Сарапшылардың айтуынша, жаһандық экономикалық тұрақсыздыққа қарамастан, миллиардерлер санының артуы әлемдік капиталдың жаңа орталықтарға қарай жылжып жатқанын көрсетеді.

https://t.me/Munarmedia