Munarmedia.kz 27.06.2025 / Астана /-Қазақстанның батысындағы мұнайлы өңірден тағы да ірі қаржылық жаңалық жетті. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен Қытайдың CNPC мемлекеттік корпорациясы бірлесіп иелік ететін «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ 2024 жылғы қаржылық табыстың негізінде 41,9 млрд теңге көлемінде дивиденд бөлу туралы шешім қабылдады.
Бұл шешім 24 маусымда Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жарияланды. Акционерлер жалпы жиналысында бекіткен құжатқа сәйкес, дивидендтерді төлеу барысында 12,7 млрд теңге корпоративтік табыс салығы ретінде бюджетке қайтарылады. Бұл сомаға 2023–2024 жылдары бұрын төленген дивидендтерге қайта есептелген салықтар да кіреді.
Нәтижесінде, компания 22,5 млрд теңге нақты дивидендті акционерлерге үлестіреді. Оның ішінде:
-
1,1 млрд теңге көлеміндегі төлем 25 маусымда артықшылықты акция иелеріне беріледі (оның ішінде бұрын төленбеген сомалар бар);
-
Ал қарапайым акциялар бойынша төлем 26 маусымда жүзеге асырылады – 22,5 млрд теңге көлемінде.
«Маңғыстаумұнайгаздың» жалғыз мажоритар иесі – Mangistau Investments B.V. компаниясы. Ол тең үлеспен «ҚазМұнайГаз» бен CNPC-ге тиесілі. Бұл – Қазақстан мен Қытай арасындағы ұзақмерзімді энергетикалық серіктестіктің нақты қаржылық көрінісі.
Осылайша, жарияланған дивидендтердің жартысы Қытай Халық Республикасының ұлттық мұнай алыбына тиеді.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстандық олигарх Владимир Жұманбаевтың алтын өндірісінен миллиардтаған дивиденд алғаны туралы жаңалық та кең резонанс тудырған еді. Екі ірі бизнес үлгісі ел экономикасындағы табиғи ресурстардың кімдерге нақты табыс әкеліп отырғанын айқын көрсетеді.
Иллюстрация: DALL-E нейрожүйесі.