Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Ресей президенті жаңа бірыңғай БРИКС купюрасын көрсетті

83



 Бұл әзірге тек символикалық белгі, ол БРИКС елдерінің бірлескен жұмысын бейнелейді.


 Банкноттың алдыңғы бетінде БРИКС-тің негізін қалаушы мемлекеттердің туларын көруге болады — Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка.


 Бірыңғай БРИКС валютасын енгізу мәселесі саммитте талқыланбады. Алайда өз мүддесін ғана ойлаған Ресейдің БРИКС ұйымына Қазақстан мүше болудан бас тартты. Бұл туралы орыстілді ағайындарымыз бен көршілес елдердің саясатшылары түрлі пікір айтуда. БҰҰ аналог ретінде құрылған ұйымды Қазақстан мойындамайтынын, әлемдік жаңа тәртіпті орнататын ауқымды күші бар БҰҰ қабылданған жарғыларына бағынатынын жеткізген еді. Онсыз да Қазақстан Ресейге қолдау көрсетіп, көптеген ұйымдарына мүше болып келген еді. Алайда Ресейде Қазақстан бидайын экспорттаудан бас тартып, экономикалық қысым көрсетуде. Дегенмен алдағы уақытта бұл екі ел арасында айтарлықтай дау туғызбас деген ойдамыз. Қазақстанның бұл шешімі мемлекеттің мүддесін ойлағандықтан туындаған деп бодап отырмыз.