17
қазанда Россельхознадзор Қазақстаннан бірқатар ауыл шаруашылығы өнімдерін
импорттауға уақытша шектеулер енгізді. Тыйымға бидай, зығыр және жасымық
тұқымдары, сондай-ақ қазақстандық жаңа піскен бақша дақылдары, үшінші елдерден
егілетін күнбағыс тұқымдары және қызанақ кірді.
«Бұл ретте қазақстандық өкілдер фитосанитариялық
сертификаттарды тікелей түпкілікті межелі елге ресімдеген және Қазақстаннан
шыққан астықты теміржол вагондарынан тікелей трюмдермен, кемелермен тасымалдануына
рұқсат етіледі.», - деп хабарлайды ресейлік агенттік.
Россельхознадзордың
мәліметінше, 2024 жылдың басынан бері Қазақстаннан жеткізілетін тауарларда
карантиндік нысандарды анықтаудың 215 оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылмен
салыстырғанда 4 есеге көп. Ведомство заң бұзушылықтар туралы қазақстандық
өкілдерге хабарланғанын, алайда ресейлік тараптың айтуынша, қажетті шаралар
қабылданбағанын атап өтті.