Ресейлік «Ураниум Уан Груп» компаниясы («Росатом» мемлекеттік корпорациясының еншілес кәсіпорны) Қазақстандағы бірнеше бірлескен жобадан шығатынын «Қазатомөнеркәсіп» хабарлады.
Атап айтқанда, компания «Заречное» бірлескен кәсіпорнындағы 49,979% акцияларын SNURDC Astana Mining компаниясына сатты. Бұл компанияның түпкі бенефициары – Қытайдың State Nuclear Uranium Resources Development корпорациясы.
Сонымен бірге, «Қазатомөнеркәсіптің» бірлескен кәсіпорындағы үлесі өзгеріссіз қалды және 49,979%-ды құрайды.
Сондай-ақ «Ураниум Уан Груп» «Хорасан-U» және «Қызылқұм» бірлескен кәсіпорындарының жарғылық капиталындағы 30% үлесін Қытайдың China Uranium Development компаниясына сататыны күтілуде. Бұл компанияның түпкі бенефициары – China General Nuclear Power корпорациясы.