Сенат 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын Мәжіліске қайтарды

30

Munarmedia.kz | 25.12.2025 | Астана-Сенатта 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы және жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі қаралды. Жоғарғы палата құжатты жалпы қолдағанымен, өңірлердегі бірнеше өткір мәселені шешу үшін қаражатты қайта бөлу жөнінде бірқатар түзетулер енгізді.

Сенаторлар ұсынған өзгерістер ең алдымен жылу және инженерлік инфрақұрылымды жақсарту, газ және энергиямен қамту нысандарын жаңғырту, сондай-ақ Атырау облысындағы жағалауды бекіту жұмыстарының қаржыландырылуын арттыруды қамтиды.

Денсаулық сақтау саласы да қосымша қаржы алады. Атап айтқанда:
Ұлттық трансфузиология орталығын күрделі жөндеуден өткізу,
• жаңа медициналық нысандарды іске қосу үшін қаражат бөлу қарастырылған.

Сонымен бірге:
Маңғыстау мен Жезқазған өңірлеріндегі су тапшылығын шешуге,
• коммуналдық желілерді дамытуға,
• бірқатар салалық жобаларды қолдауға қосымша бюджет қаражаты бөлінеді.

Сенат енгізген түзетулер ескеріле отырып, бюджет құжаты Мәжіліске қайта қарауға жолданды.