Халықтың шамадан тыс несиеленуі мәселесін шешу тетіктерінің бірі жеке тұлғаларды банкрот деп тануды көздейтін заңның қабылдануы болып табылады. Заңда, қарыз түрі және қарыз сомасына байланысты 3 рәсім қарастырылған. Олардың ішіндегі ең сұранысы көп – соттан тыс банкроттық рәсімі. Бұл туралы ҚР ҚМ МКК төрағаның орынбасары Сеилжан Ахметов хабарлады.
Азаматтар бұл рәсімге өтініштерді халыққа қызмет көрсету орталықтарында, электронды үкімет порталы (eGov.kz.), сондай-ақ eGov мобильді қосымшасы арқылы бере алады. Осы мақсатта арнайы жаңа «Қолдау» ақпараттық жүйесі іске қосылды. Жүйе 24 мемлекеттік орган мен ұйымның деректер базасы арқылы өтініш беру және өтініш берушінің кіру критерийлеріне сәйкестігін автоматты түрде тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.