Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Сұлтан Бейбарыс Мысырда исламның беделін нығайтты.

46


Аюбидтер дәуірінде жабылған шиіттік әл-Азһар университетін Бейбарыс сүнниттік оқу орнына айналдырып, онда төрт мазһабтың факультеттерін ашты. Сол уақыттан бері әл-Азһар университеті исламдық білімнің басты орталығы болып қала береді (суретте).

Мәдинадағы Пайғамбар мешітіне күрделі жөндеу жүргізілді, Дамаскідегі Ибраһим пайғамбар мешіті жаңартылды.

Иерусалимде әл-Ақса және Құббат әс-Сахра мешіттері жөнделіп, қалпына келтірілді.

1260 жылы Каирде салтанатты жағдайда Аббасид халифаты рухани институт ретінде қайта қалпына келтірілді. Бейбарыс Аббасидтер әулетінің бір мұрагерін халифа ретінде тағайындап, Каирді халифаттың астанасына айналдырды.

Бейбарыстың ислам тарихындағы маңызы оның кресшілерден, монғол-ильхандардан ислам әлемін қорғап, ислам қабылдаған Алтын Орданың ханы Берке ханмен одақтасты.