Munarmedia.kz.19.09.2026.ASTANA.Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында Зайсан көлінде қайық аударылып, екі балықшы суға кетті. Құтқарушылар олардың денесін іздестіріп жатыр.
Оқиға кезінде қайықта үш ер адам болған. Қатты желдің салдарынан су көлігі аударылып кеткен. Олардың біреуі — 58 жастағы азамат — өз күшімен жағаға жүзіп шығып, жергілікті тұрғындардың көмегіне жүгінген.
Ал қалған екі балықшыны іздеу жұмыстары бірнеше күннен бері жалғасып келеді. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамдарда құтқару кеудешелері болмаған.
Іздестіру жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, жүзу құралдары мен дрондар жұмылдырылған. Оларға жергілікті тұрғындар да көмектесіп жатыр.
Құтқарушылар тұрғындарды су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға, әсіресе жел күшейген кезде шағын қайықпен көлге шықпауға шақырады.
Дереккөз: Tengrinews.kz, КТК.
#ШығысҚазақстан #ЗайсанКөлі #Тарбағатай #ТЖ #Құтқарушылар #Қауіпсіздік #Munarmedia