Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Тоқаев уәде еткен олигархтарға салынатын салықты үкімет неге енгізгісі келмейді?

46


Munarmedia.kz.АСТАНА 03.04.2025 -Экономика министрі Серік Жұманғарин Ақордадағы кулуарларда үкіметтің люкс салығын енгізбеу туралы шешіміне түсініктеме берді.

Ол не себепті министрлер кабинеті белгілі бір мүлік түрлеріне – жылжымайтын мүлікке, көліктерге, алкоголь мен темекі өнімдеріне жоғары салық салумен шектелгенін түсіндірді. Министрдің айтуынша, мәселе «роскошь» ұғымының өзінде жатыр.

«Роскошь ұғымын нақты анықтау қажет. Егер қазіргі салық салу жүйесіне сүйенсек, біз салық салатын нәрселер – осы люкс болып саналады. Егер сіздің жылжымайтын мүлкіңіздің жалпы құны 450 миллион теңгеден асса, салық төлеуіңіз керек. Егер қателеспесем, негізгі ставка жылына үш миллион теңге болады және бұл сомадан асқан құнның екі пайызы қосылады. Егер көлігіңіздің бағасы 75 миллион теңгеден жоғары болса, жоғары салық төлеуге тура келеді. Қымбат алкогольге, қымбат сигарларға да қосымша салық салынады. Ал сіздің ойыңызша, тағы не люкс болып есептеледі? Менің өзім де білмеймін...» – деп пікір білдірді Жұманғарин.

Министрден үкіметтің не себепті бірыңғай салықтың орнына жеке-жеке салық салу жолын таңдағанын сұрағанда, вице-премьер нақты әдістеменің маңыздылығын атап өтті.

Оның айтуынша, егер критерийлер түсініксіз болса, салық ауыртпалығы артықшылыққа ие болмауы тиіс адамдарға да тиіп кетуі мүмкін.

«Мұндай өзгерістер енгізілгенде, бәрі айқын болуы керек. Егер ертең нақты түсінік болмаса, жазықсыз адамдар зардап шегуі мүмкін. Әрине, бұл жерде кінәлі не кінәсіздер жоқ, бірақ салық салу әділетсіз болуы ықтимал. Түсінесіз бе? Дұрыс емес салық жүйесі қалыптасып кетуі мүмкін», – деп түсіндірді министр.

2022 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев реформалар аясында люкс салығын енгізуді ұсынған болатын. Үкімет бұл ұсынысты қарауға үш жыл уақыт жұмсады.