Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт Жо Байден әкімшілігінің мемлекет қаржысын тиімсіз пайдаланғанын мәлімдеді.
Одан бөлек, Гуатемалада жыныс ауыстыруға 2 млн доллар, Ирактағы "Сезам көшесі" шоуына 20 млн доллар және Мысырдағы туризмді дамытуға 6 млн доллар бағытталғаны айтылды.

Трамп әкімшілігі осындай артық шығынды қысқартуды көздейді. Солтүстік Кәролина мен Калифорния тұрғындары көмекке мұқтаж кезде, бюджеттің едәуір бөлігі шетелдік бағдарламаларға жұмсалып отыр", – деді Левитт.
Ол «Қазақстандағы дезинформациямен күрес»
деген атпен қаржыландырылып жатқан жоба туралы егжей-тегжейлі мәлімет бермеді. Сонымен бірге «егер қажет болса, Байден әкімшілігінің дәл осындай шығындары жайлы толық тізімді ұсына алатынын» жеткізді.
Трамп инаугурациядан бері бюджет үнемдеу мәселесін жиі көтеріп келеді. Оның айналасы көптеген халықаралық бағдарламаны қысқарту немесе мүлдем тоқтату керек деген ұстанымда.