Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Үкімет ҚҚС мөлшерлемесін 16% деңгейінде белгілеуді ұсынды

49


Үкімет қосылған құн салығын (ҚҚС) 16% деңгейінде белгілеуді, сондай-ақ кейбір салалар үшін 10% және 0% мөлшерлемелерін қолдануды қарастырды.

«Біз мынадай механизмді қарастыруды ұсынамыз: жалпы белгіленген ҚҚС мөлшерлемесі – 16%, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін ҚҚС-тан толық босату, ал кейбір салалар үшін аралық мөлшерлеме – 10%. Осылайша, үкімет ұсынған сараланған мөлшерлемелер 16%, 10%, 0% және салықтан босату шараларын қамтиды», – деп мәлімдеді Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин («Власть»).