Жаңа Салық кодексі талқылауға шығарылды. Нені өзгерту ұсынылады
Жаңа Салық кодексі бойынша қазіргі қолданыстағы ережелерге бірқатар өзгеріс пен түзету енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР
Қазақстандағы халықтың жалпы несиесі 18 трлн теңгеге жетті
Талқылау 5 шілдеге дейін жалғасады.
Жаңа Салық кодексінің жобасы ашық НҚА сайтында жарияланды. Онда құжат талқы үшін екі апиа бойы ашық сақталады.
Не өзгереді
ҚҚС мөлшерлемесі: салаға байланысты салыққа қарай сараланады;
Корпоративтік табыс салығы да сараланады;
КТС төмендету немесе босату: техникалық жаңғырту және ғылыми әзірлемелерге;
Бірыңғай жер салығы: шаруа және фермер қожалықтары үшін салынады;
Сән-салтанат салығы: активтерінің құны 130 АЕК-тен асатындарға салынады;
Темекі өнімдеріне акциз ставкалары: 2024 жылы салықты біртіндеп 28 еуроға дейін көтеріледі;
Салық режимдері: ұқсас салықтарды біріктіру және маңызды емес салықтар жойылады;
Салық есептілігін қысқарту: ТНҚ-ға қайталанатын қосымшаларды алып тастау есебінен 30% қысқарады;
Бюджет төлемдерін қысқарту: кем дегенде 20%;
Салық жеңілдіктері: 20%.
Тағы қандай өзгерістер бар
Банктер үшін КТС 25% дейін ұлғайтылып, есептілік қысқарады.
Салық кодексіне 10 негізгі түзету енгізіледі.
Артық зейнетақыны алып тастаған қазақстандықтарға ЖТС бойынша қарыздар есептен шығарылады
Қазақстанда ескі автокөлікке салынатын салық екі есеге азаяды.