Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Заңсыз автокөлік сатушылар құрықтала ма?

74

Елдің бас аудиторы Әлихан Смайылов басқаратын ведомство 2021–2023 жылдар аралығында көлеңкелі автокөлік импорты салдарынан Қазақстан бюджетінің ықтимал шығынын 71,2 млрд теңге деп бағалады. Аудит мәліметтеріне сәйкес, жеке тұлғалар арқылы келетін импорт көлемі 6,5 есеге артқан, оның 94%-ын жалпы құны 1,4 трлн теңгеге бағаланған көлік құралдары құрайды. Коммерциялық көлік әкелгендердің шамамен 61%-ы жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, бұл салықтық шығындарға әкелген. Аудит ұйымдасқан қылмыстық топтардың автокөліктерді заңдастырумен айналысқаны үшін жаппай ұсталу жағдайында жүргізіліп отыр. Ендігі шешім қабылдау Бас прокуратураның еншісінде.