Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Жапония үкіметі Ресейдің Украинаға басқыншылығына жауап ретінде салған санкция тізімін тағы жаңартты

148



"Интерфакс" агенттігінің жазуынша, Ресейдегі 51 компания мен үш банкке, 11 адамға санкция салынды. Ресейдің машина жасау ғылыми-өндіріс одағы, Алексинский химия зауыты, ЦМРБанк, РФК Банк пен Тимер Банк санкцияға іліккен.

🇰🇿

 Бұдан бөлек, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Қазақстан, Қырғызстан, Таиланд пен Түркиядағы 31 компанияға, грузиндік MRB Bank пен Солтүстік Кореяның бір азаматына санкция салған. Жаңалықта Қазақстандағы нақты қай компания санкцияға іліккені айтылмаған.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Жапония үкіметі шетелдегі компаниялар Ресейге тыйым салынған тауарлар жіберуге және санкцияларды айналып өтуге көмектесті деген.
❗️

Ресми Астана Батыстың Ресейге салған санкция режимін сақтайтынын айтып келеді, бірақ елде тіркелген бірқатар жекеменшік компания Ресейге екі мақсатта қолданылатын тауарды тасымалдағаны анықталған.