Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Жарайсыңдар! Енді Қазақстандағы бүкіл бизнес «көлеңкеге» кетеді

91


"Өткен жылы мен ЖШС аштым. Бірақ ешқандай елеулі табыс таппадым, тіпті бір тиын пайда көрмедім. Қайта, керісінше, тек шығынға баттым. Өйткені салық заңнамасы бойынша, ешқандай белсенді қызмет жүргізбесең де, келісімшарттар мен табыс таппасаң да, бәрібір ай сайын ЖТС (жеке табыс салығы), МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) және әлеуметтік салық төлеуге міндеттісің", – деп жазды желіде Диас Нұрақын.

"Осылайша мен ай сайын өз қалтамнан 18 мың теңге салық төледім."

**"Бұдан бөлек, мен банкте шот аштым, ал оны пайдаланғаным үшін ай сайын 2 мың теңге ұсталды. Осылайша, негізгі жалақымнан мемлекетке ай сайын 20 мың теңге аударып отырдым. Ал жұмыс көлемін арттырып, байып кетемін деген арманым ай өткен сайын су сепкендей басылды. Өйткені сенің байланыстарың, таныстарың және «ықпалды» адамдардың қолдауы болмаса, ешкім саған тендер де, тапсырыс та бермейді.

Бір жылдық талпыныстан кейін мен ЖШС-ні жабуға шешім қабылдадым. Сол кезде ғана түсіндім: ЖШС ашқаннан гөрі, оны жабу әлдеқайда қиын екен. Бір жыл бойы бірде-бір тапсырыс орындамадым, бір тиын да табыс таппадым, бірақ салық органдары менен мыңдаған есеп талап етіп, соңғы қан тамшыма дейін сорды.

Бүгін мен ҚҚС (қосылған құн салығы) мөлшерлемесі 12%-дан 20%-ға көтерілетінін білдім. Бұл бизнесті түбегейлі тұншықтырып, кәсіпкерлерді салық органдары үшін «сауын сиырға» айналдырады. Бюджетті тек салық есебінен толықтыру – қате саясат. Біз 30 жыл бойы бизнесті көлеңкеден шығаруға тырыстық, бірақ енді жаңа көтеріліп келе жатқан кәсіпкерлер қайтадан «жер астына» кетіп, қараңғыда өмір сүруге мәжбүр болады. Бұған кепілдік беремін"**, – дейді ол.