Mumarmedia.kz | 12.09.2026 | ASTANA
Әлемдік инвесторлар тағы да «ақшаны сақтап қалайық, қалғанын кейін көреміз» деген ұстанымға көшті.
9 қыркүйекке дейінгі бір аптада әлемдік акция қорларынан $15,52 млрд шығарылған. Оның ішінде америкалық акция қорларынан кеткен қаражаттың көлемі $32,27 млрд болған. Еуропа мен Азия қорларына керісінше ақша кіргенімен, жаһандық нарықтағы көңіл күйдің мәз емес екені байқалады.
Негізгі себептердің бірі — мұнай бағасының шарықтауы. Brent мұнайы бір сәтте $109,97 баррельге дейін көтеріліп, инфляция қайта күшеюі және орталық банктердің пайыздық мөлшерлемені көтеруі мүмкін деген қауіп туғызды.
Яғни мұнай қымбаттайды → тасымал қымбаттайды → өндіріс шығыны өседі → тауар бағасы көтеріледі → тұтынушының қабағы түседі.
Экономикадағы бұл «домино эффектісінің» соңғы тасы, әдетте, қарапайым адамның әмияны болып шығады. Нарықтағы миллиардерлер ақшасын қордан шығарады, ал қалған жұрт супермаркетте майдың бағасына қарап, өмірдің инвестициялық жоспарын қайта қарайды.
Не істеген дұрыс?
Қазір қаржылық қауіпсіздік үшін барлық ақшаны бір ғана активке байлап қоюдан гөрі, шығындарды бақылау, қарыз жүктемесін азайту және бірнеше айлық резерв қалыптастыру маңызды.
#ақша #экономика #инвестиция #мұнай #инфляция #қаржы #Mumarmedia