Munarmedia.kz. 28.06.2025 /Астана/-Жақында Экология министрлігі президент тапсырмасының орындалғанын хабарлады: 2021 жылдан бері Қазақстанда 1,3 миллиардтан астам ағаш отырғызылды делінеді. Алайда тереңірек қарасақ, сұрақ көп. Мұндай көлем үшін кемінде 100 мың адам маусымдық жұмыс істеуі тиіс еді. Бірақ мобилизация, шарттар, есептер туралы дерек жоқ. Бір көшеттің бағасы 1 доллар десек те, шығын 1,3 млрд доллар, ал шын мәнінде 2-4 млрд долларға жетуі мүмкін. Бұл сандар бюджетте де, әкімдік есептерінде де көрінбейді. Қазалыда ғана жылына 3 млн көшет өсіретін питомник бар — ол жылдық қажет көлемнің 5%-ын да жаппайды. Ал 1 000 ағаш 1 гектарға отырғызылады десек, 1,3 млрд ағаш 13 мың шаршы шақырым аумақты алуы тиіс еді — бұл тұтас Ақмола облысының аумағы. Бірақ мұндай ормандар қайда? Не спутник суреттерінде, не интерактив карталарда көрінбейді.
1,3 миллиард ағаш қайда?-Министрі мырза!
