Халықаралық іздеуде болған қазақстандық Қырғызстаннан экстрадицияланды.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті 2017–2020 жылдары QI-Trade атты қаржы пирамидасын өз тобының мүшелерімен бірге құрған. Бұл құрылым 5 мыңға жуық адамды алдап, 15 млрд теңгесін жымқырған.
Іздеуде жүрген кезінде күдікті Қырғызстанда адам өлтірген және жергілікті сот оны осы қылмысы үшін соттаған.
"Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша оны уақытша экстрадициялады. Қазақстанда ол қаржы пирамидасын ұйымдастырғаны және басқарғаны үшін сотталады. Осыдан кейін қайтадан Қырғызстанға қайтарылады", – деп мәлімдеді құзырлы органдар.
Күдікті алдымен Қырғызстанда кісі өлтіру үшін жазасын өтейді, содан кейін Қазақстанға оралып, мүлкі тәркілене отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.