19 жастағы «Хан-Тенгри» шабуылшысы Диас Тулеу өмірден озды

20


Munarmedia.kz 18.10.2025 /Астана/ Қазақстан футболы ауыр қайғыға батып отыр. Жас та болса, жарқын талант иесі, «Хан-Тенгри» клубының шабуылшысы Диас Тулеу өмірден ерте озды.

Қазақстан футбол федерациясы бұл қайғылы хабарды үлкен қасіретпен қабылдады. Өзінің жасына қарамастан, Диас футболға деген шексіз құмарлығымен және ерекше шеберлігімен ерекшеленген еді. Оның мезгілсіз қайтыс болуы – қайтарылмас үлкен шығын. Бұл ауыр сәтте біз оның отбасымен, жақындарымен және командасымен бірге қайғырамыз, — деп жазды КФФ ресми хабарламасында.

Диас Тулеу — Алматының «Қайрат» клубының түлегі. Биылғы маусымда ол «Хан-Тенгри» сапында 25 ойын өткізіп, 3 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді, — деп хабарлайды sports.kz.