Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

2 қыркүйекте парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

71



Бұл туралы палатаның баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2024 жылғы 2 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылады», — делінген хабарламада.



Осы отырыста президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдау жариялауы мүмкін. Кейінгі екі жылда президент жолдауды парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялап жүр.

Биылғы жолдауда Қазақстан президенті АЭС құрылысы туралы айтуы ықтимал.