Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

2020 жылы президент Тоқаевтың арнайы жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды.

67



Тарихи әділдікке жол ашқан, елдік санаға серпін берген маңызды қадам осы кезден басталды.

Комиссия жұмысының нәтижесінде ұзақ уақыт бойы құпия сақталған мыңдаған дерек ашылып, құжаттарға «құпия» деген таңба салған кедергілер жойылды.

Жазықсыз жаланың құрбаны болған 311 349 адамның есімі мен тағдыры ресми түрде толық ақталды.



Қаралы кезеңнің құпиясы ашылған құжаттар негізінде тарихшы-зерттеушілер ұзақ еңбек етіп, ақырында 72 томдық құнды еңбек жарық көрді. Осы туындылардың әр парағында ұлтымыз көрген азаптың ақиқаты, сол заманның ауыр бейнесі мен халықтың жанына түскен жарасы жатыр.

Мемлекет қолға алған осынау ауқымды істің жалғасуы ұлттық рухымыздың нығаюына, халқымыздың тарихи санасының жаңғыруына жол ашады.