Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

2025 жылға арналған қандастар мен қоныс аударушылардың өңірлік квотасы бекітілді

171


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2025 жылға арналған қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдау бойынша өңірлік квотаны бекітті. Жалпы 9653 адамға квота бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 170 адамға артық.

Квота бөлінісі:

Қандастар үшін:

Павлодар облысы – 1056 адам.

Ақмола облысы – 285 адам.

Шығыс Қазақстан облысы – 269 адам.

Абай облысы – 244 адам.

Солтүстік Қазақстан облысы – 175 адам.

Қостанай облысы – 150 адам.

Атырау облысы – 100 адам.

Батыс Қазақстан облысы – 30 адам.

Қоныс аударушылар үшін:

Павлодар облысы – 3050 адам.

Солтүстік Қазақстан облысы – 2969 адам.

Қостанай облысы – 535 адам.

Шығыс Қазақстан облысы – 372 адам.

Абай облысы – 255 адам.

Ұлытау облысы – 125 адам.

Қарағанды облысы – 38 адам.

Мемлекеттік қолдау шаралары:

Көшуге арналған біржолғы төлемдер – әр отбасы мүшесіне 70 АЕК.

Тұрғын үйді жалға алу және коммуналдық қызметтерге субсидиялар – ай сайын отбасыға 15-тен 30 АЕК-ке дейін.

Қоныс аударуға жәрдемдесетін жұмыс берушілерге – 400 АЕК көлемінде субсидия.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына жіберу.

Жұмыспен қамтуға немесе кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу.

Тұрғын үй сатып алуға арналған экономикалық мобильдік сертификаттары.

Бұл шаралар қоныс аударушылар мен қандастарды қолдауға және олардың өңірлерге сәтті бейімделуін қамтамасыз етуге бағытталған.