2025 жылы Қазақстанда сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін 61 азаматқа ақшалай сыйақы төленді.

40

Munarmedia.kz 08.01.2026 /Астана/–Бұл мақсатқа барлығы 24,2 млн теңге бөлінгені туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді.

Ведомствоның дерегінше, есепті кезеңде құқық қорғау органдары 895 адамның заңсыз қызметінің жолын кескен. Аталған фактілер бойынша 1 052 қылмыстық іс қозғалып, оның 969-ы тергелген, ал 860 іс сотқа жолданған. Тергеулердің басым бөлігі пара алу және бюджет қаражатын жымқыру деректеріне қатысты болған.

Сондай-ақ мемлекет бюджетіне 16,1 млрд теңге көлемінде қаражат қайтарылған. Бұдан бөлек, қылмыстық істердің фигуранттарына тиесілі жалпы құны 3,3 млрд теңгені құрайтын мүлікке тыйым салынған.

ҰҚК өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл азаматтардың белсенді қатысуымен және құқық қорғау органдарының жүйелі жұмысының нәтижесінде жүзеге асып жатқанын атап өтті.