2025 жылы Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топтардың шамамен 300 басшысы мен мүшесі сотталды

62

Munarmedia.kz 11.01.2026 /Астана/ Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің алқа отырысында хабарланды. Ведомство мәліметінше, ұйымдасқан қылмыстық топтарды құру және басқару фактілері бойынша барлығы 78 қылмыстық іс қозғалған, оның 10-ы трансұлттық арналарға қатысты.

Заңсыз айналымнан 2,5 мыңнан астам қару-жарақ бірлігі тәркіленді.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің айтуынша, 2025 жылы елдегі қылмыс деңгейі 6 мыңнан астам қылмысқа төмендеген, ал аса ауыр қылмыстарды ашу көрсеткіші 98 пайызға жеткен.

Сонымен қатар бір жыл ішінде 31,7 тонна есірткі тәркіленіп, 109 нарколаборатория жойылды, 1,6 мыңнан астам іздеуде жүрген адам ұсталды және 84,5 миллион алаяқтық қоңырау бұғатталды.