Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

25 желтоқсанда Ресейде өтетін ТМД елдері басшыларының бейресми саммитіне Армения премьер-министрі Никол Пашинян қатыспайды

109


 Бұл жөнінде ол Facebook-тегі парақшасында хабарлады. Айтуынша, 23 желтоқсанда оның COVID тесті оң шыққан, екі күннен кейін тест нәтижесі теріс көрсеткен. Дегенмен әріптестерімен ақылдаса келе Пашинян саммитке қатыспауды жөн көрген.

??

 ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуі Ленинград облысындағы "Игора" тау шаңғысы курортында өтпек. "Ведомости" басылымының жазуынша, онда Ресей президенті Владимир Путин Мәскеудің осы жылдағы ТМД-ға төрағалығын қорытындылайды, кейін басшылар бір-бірімен бейресми жағдайда сөйлесіп, пікір алмасады.

"Ведомости" ақпаратынша, кездесуде қандай да бір құжатқа қол қою жоспарланбаған. Президенттер Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 80 жылдығын Мәскеуде атап өту жайын талқыламақ.

?

 26 желтоқсанда "Игора" курортында Жоғары Еуразия экономика кеңесінің отырысы өтеді. Оған Қазақстан, Беларусь және Қырғызстан президенттері және бақылаушы мемлекеттер ретінде Өзбекстан мен Куба қатысады.

?

 Армения премьер-министрінің Еуразия экономика одағы жоғары экономика кеңесінің отырысына қатысу-қатыспауы әзірге белгісіз. Ереван биыл Еуразия экономика одағына төрағалық еткен.