339 млн теңге субсидияны жымқырғандар сотқа тартылды

61



Қарағандыда мемлекеттік субсидияны қалтасына басқандарға сот үкімі шықты. Бюджет қаражаты «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» ұлттық жобасы аясында сүт өнімдерінің бағасын арзандатуға бөлінген.

🥛Үкіметтен көмекке қаржы алу үшін «DIAS» шаруа қожалығының басшылары жергілікті ветеринарлық дәрігермен келісіп, сүт өнімдерін өндіру және сату туралы жалған құжаттар тапсырған.

🐮Ал, шын мәнінде, шағын мал шаруашылығы базасы ғана болған.
 
💰Олар ақшаның бір бөлігін ет бағытындағы 60 асыл тұқымды бұқа сатып алуға жұмсап, нәтижесінде 9 млн теңге көлемінде субсидиялар түрінде қосымша қылмыстық табыс алынды.

⚖️Сот алқасы оларды 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырды және келтірілген залал шығыные өтеуді міндеттеді.