6 полицей көз жұмды: Дағыстанда тағы да қырғын болып жатыр

140
Дағыстанның Махачкала және Дербент қалаларында лаңкестер шіркеу мен синагогаға шабуыл жасады, деп жазады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. Шабуылдан діни қызметкер мен күзетші қаза тапқан. Қазірге лаңкестердің нақты саны белгісіз. Атыс кезінде 6 полицей көз жұмды. 12 полицей жараланған. Күрес әлі жалғасып жатыр. Қаладан шығар жолдар толықтай жабылған. Әр көлік тексерілуде.