Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

«70 593 шаршы метр»: Қазақстан АҚШ-қа 49 жылға жалға жер берді

118



ҚР Үкіметі қаулысында жер Алматы қаласындағы Америка Құрама Штаттарының консулдық мекемесінің үй-жайларын салу және пайдалану үшін берілетіні айтылған.

Қазақстан Республикасының Үкіметі Америка Құрама Штаттарының Үкіметіне Алматы қаласындағы АҚШ-тың консулдық мекемесінің ғимаратын салу үшін жер учаскесін жалға беру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын, – делінген қаулыда.



Келісім жобасына сәйкес Алматы қаласындағы Жамақаев көшесі, әл-Фараби даңғылы, Сейфуллин даңғылы, Алдара Көсе көшесінің арасында орналасқан жер учаскесі жалға беріледі. Жалдау мерзімі шарт жасалған күннен бастап 49 жыл деп есептелінген. Бұл ретте жалдау мерзімі тағы 49 жылға ұзартылуы мүмкін. Учаске ауданы – 70 593 шаршы метр.