Сот шешімі бойынша Нығматулиндерге тиесілі ферроқорытпа зауыты 740 мың теңге айыппұл төлейді.
Сотта корпорация өкілі тағылған әкімшілік құқық бұзушылық бойынша кінәсін мойындамады.
Бірақ компания құтқарушыларды 40 минут бойы зауытқа кіргізбегені үшін кінәлі деп танылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.