Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

АЭС-ті Росатомға салдырса Қазақстан Еуроодақ санкциясына іліне ме

38
Дэвид О ' Салливан Астанада өткен баспасөз мәслихатында бүгінгі таңда ресейлік "Росатом"мемлекеттік корпорациясына санкция салынбағанын хабарлады. Қазіргі уақытта Росатом санкцияларға ілінбеген. Бұл шешімді тек Қазақстанның халқы пен үкіметі жасай алады, – деді ол. АЭС-ті қай мемлекет салады Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі әлі де күн тәртібінен түскен жоқ, жуық арада түсе де қоймайтыны анық. Әуелі АЭС құрылысы жайлы сөз болғанда жұртшылықтан қолдаудан гөрі қарсылық көп болған. Үлкен ауылындағы бір тыңдаудан кейін билік те референдум өткізбей, шешім қабылдау қиын екенін түсінсе керек. Тоқаев "референдум өтеді" дегелі алты ай өтіп кетті. Оның өтер күні әлі белгіленген жоқ. Ulysmedia.kz тілшісі осы тақырыпта Қазақстан атом электр станциялары компаниясының басшысы Тимур Жантикинді сөзге тартып көрген еді.