Munarmedia.kz.11.07.2025 ж. /Астана/-Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алакөл көлінің маңындағы туристік аймақтардың демалушыларды қабылдауға дайын еместігіне үкіметтің назарын аударды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
Мемлекет басшысы аталған өңірде қажетті туристік инфрақұрылымның жоқтығын, қызмет көрсету сапасының төмендігін және қауіпсіздік шараларының жеткіліксіздігін сынға алды.
Президент Үкіметке еліміздегі барлық туристік бағыттарды қысқа мерзім ішінде ретке келтіріп, инфрақұрылымдық талаптарға сәйкестендіруді тапсырды. Сонымен қатар, туындаған жағдайға жауапты лауазымды тұлғаларды анықтап, тиісті тәртіптік шаралар қабылдау жүктелді.