Алдағы бесжылдықта Бейжің Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты одан әрі тиімді дамытпақ.

75

Munarmedia.kz 10.03.2026 /Astana/-Қытай Орталық Азия мемлекеттері үшін өзінің аса ірі нарығын ашуға дайын екенін мәлімдеді. Сондай-ақ өңірден сапалы тауарлар мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің импортын ұлғайтып, екіжақты тауар айналымының тұрақты өсуіне күш салмақ. Еске салайық, 2025 жылы бұл көрсеткіш алғаш рет 100 млрд АҚШ долларынан асты.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, Қытайдың сыртқы істер министрі Ван И Қытай 15-бесжылдық (2026–2030 жылдар) кезеңінде Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты анағұрлым тиімді әрі мазмұнды түрде жүзеге асыратынын айтты.

Оның сөзінше, Бейжің Орталық Азия мемлекеттерімен бірге модернизация жолымен жүріп, «жоғары сапалы ынтымақтастықты дамытуда жаңа көкжиектер ашуға» және бірлесіп «ортақ тағдыр қауымдастығын» қалыптастыруға ниетті.

https://t.me/Munarmedia