Әлеуметтік желі «тәуелділік машинасына» айналды ма? Meta, TikTok және YouTube сотқа тартылды

59


«Mumarmedia.kz | 12.09.2026 | ASTANA» Әлеуметтік желіде «тағы бір видео ғана көремін» деп кіріп, бір сағаттан кейін, тәуелді болып өмірдің мәнін тек  TikTok-тан іздеп отырғандар көп. Енді бұл мәселе сот залында да талқыланып жатыр.

Португалиядағы цифрлық құқықтарды қорғаумен айналысатын D3 ұйымы Meta, TikTok және YouTube платформаларына қарсы сот істерін қозғады. Ұйым бұл сервистердің шексіз лента, автоматты видео қосу, тұрақты хабарламалар және жекелендірілген ұсыныстар сияқты функциялары пайдаланушыны экранда ұзақ ұстауға бағытталған деп мәлімдейді.

Ал Лос-Анджелесте әлеуметтік желілердің балаларға әсеріне байланысты Meta, TikTok және YouTube-қа қарсы тағы бір маңызды сот процесі жүріп жатыр. Бұл іс мыңдаған ұқсас талаптарға ықпал етуі мүмкін.

Мәселе мынада: әлеуметтік желі компаниясы «біз сізге контент ұсынамыз» дейді, ал пайдаланушының миы «тағы біреуін көрсет» деп отырады. Алгоритм болса, бұл диалогтан ең көп пайда табатын үшінші тарап.

Кеңес:
Телефондағы экран уақытын шектейтін функцияларды қосыңыз, қажетсіз push-хабарламаларды өшіріңіз және әсіресе балалардың аккаунттарында автоматты контент ұсыну мен түнгі қолдануды бақылаңыз.

Өйткені «мен кез келген уақытта тоқтай аламын» деген сөзді тәуелділіктің барлық түрі жақсы көреді.

Қазақстанда да кәмелетке толмаған балалардың әлеуметтік желідегі құқықтарын шектеу мәселесін қарастыруда. Қазіргі ақпарат ағыны заманында жастардың психологиясын, санасын аман сақтап қалу үшін бұл да маңызды мәселе деп ойлаймыз. 

#құқық #цифрлыққауіпсіздік #әлеуметтікжелі #TikTok #YouTube #Meta #балалар #кеңес #Mumarmedia