Әлимент пен аңду: Экс-депутат Ынташ Наурызова Маңғыстау әкімін айыптады...

56



Маңғыстау облыстық мәслихатының экс-депутаты Ынташ Наурызова аймақ әкімі Нұрдәулет Қилыбайдан қысым көріп отырғанын жария етті, деп хабарлайды Ertenmedia.

Экс-депутаттың айтуынша, әкім екеуінің ортақ ұлы бар.

«Ол маған сес көрсетіп, адамдарын жіберіп, үнемі үрейде ұстайды. Соңымнан сөз тасып, лас әрекет ұйымдастырып, қорқытып-үркітумен келеді. Басқан ізімді аңдып, өмірімнің берекесін кетіріп болды», – дейді ол.



Наурызова өзін аңдып жүргендердің арасында әкімдік өкілдері мен бейтаныс адамдардан бөлек, қылмыс әлемінің өкілдері де бар екенін айтады.

Жалпы бұл мәселе былтырдан бері жыр болып келеді. Наурызова бұған дейін де осы тақілеттес мәлімдеме жасап, білдей облыс басшының әлимент төлеуден жалтарып жүргенін мәлімдеген болатын.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай бұған қатысты әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ.

Айта кетейік, Қилыбай Маңғыстау облысының әкімі болып былтыр мамыр айында тағайындалған. Оған дейін "Өзенмұнайгаздың" басқарма төрағасы қызметін атқарған.