Munarmedia.kz — 14.11.2025 Алматы облысының Ұйғыр ауданында мемлекеттік туды және шетел мемлекеті басшылығының бейнесін өртегені үшін 12 адам қамауға алынды. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 13 қараша күні болған.
Өздерін "Атажұрт" партиясының өкілдеріміз дейтін бір топ азамат көрші Қытай мемлекетінің туы мен мемлекет басшысының суретін өртеген. Қытайда тұтқындалған қазақ азаматтарын босатуды талап еткен топтың әрекеті Қазақстанда заңсыз митингі ретінде және өзге елдің мемлекеттік туын қорлау деп қаралып отыр.
Полицияның хабарлауынша, бір топ азаматтың рұқсат етілмеген жиналысы тоқтатылған. Жиналғандар мемлекеттік туды және шетел басшылығының суретін өртеп, құқыққа қарсы әрекеттер жасаған.
Сот қарауы нәтижесінде 12 адам ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке дейінгі қамауға алынған.
Тағы алты қатысушыға 20 АЕК (78 640 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
Облыстық Полиция департаменті бұл факті бойынша қозғалыс тудыру бабымен қылмыстық іс қозғағанын, қазіргі уақытта тиісті тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.