Munarmedia.kz 18.11.2025 / Астана / Алматы облысының Ұйғыр ауданында мемлекеттік туды және шетел мемлекеті басшылығының бейнесін өртегені үшін 12 адам қамауға алынды. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 13 қараша күні болған.
«Мемлекеттік туды және шетел мемлекеті басшылығының бейнесін өртеп, құқыққа қайшы әрекеттер жасаған бір топ азаматтың рұқсатсыз жиналысының жолы кесілді. Материалдарды қарау қорытындысы бойынша, сот 12 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша 15 тәулікке дейінгі әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындады», – делінген полиция хабарламасында.
Оқиғаға қатысқан тағы алты адамға 20 АЕК көлемінде (78 640 теңге) айыппұл салынды. Облыстық ПД бұл факті бойынша «араздық қоздыру» бабымен қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.