Алматы тұрғыны бір бөлмелі пәтеріне 990 адамды тіркеген

54

Munarmedia.kz | 20.06.2026 | ASTANA– Алматы қаласының Наурызбай ауданында заңсыз көші-қонға қатысты дерек анықталды. Бұл туралы қала прокуратурасы хабарлады.

Тексеру барысында қала тұрғыны материалдық сыйақы алу мақсатында өзінің бір бөлмелі пәтеріне жалпы саны 990 адамды тіркеуге қойғаны белгілі болған.

Аталған факті бойынша іс сотқа жолданып, «резеңке пәтердің» иесі кінәлі деп танылды. Сот шешімімен оған бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Прокуратура өкілдерінің мәліметінше, мұндай заңсыз тіркеу схемалары көші-қон есебінің бұрмалануына және құқықтық тәртіптің бұзылуына әкеледі.

Осыған байланысты қадағалау органы азаматтарға жалған тіркеу ұйымдастырғаны немесе оған қатысқаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Құзырлы органдар көші-қон заңнамасының сақталуын бақылау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

#Алматы #НаурызбайАуданы #Прокуратура #КөшіҚон #ЗаңсызТіркеу #Сот #ҚұқықтықТәртіп #Қазақстан #Munarmedia