Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Алматыда бұрынғы судья Светлана Жолмановаға үкім шықты

9

Munarmedia.kz / 20.06.2025 / Астана-Алматы қаласының соты бұрынғы судья Светлана Жолмановаға қатысты қылмыстық істі қарап, шешім шығарды. Ол аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деп айыпталды.


⚡️ Сот шешімі

Сот Жолманованы кінәлі деп танып, оны 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің аса ірі көлемдегі алаяқтыққа қатысты бабымен сотталды.


⚡️ Істің қысқаша тарихы

Светлана Жолманова 2024 жылдың қазан айында ұсталып, уақытша қамауға алынған болатын. Қамауда отырса да, ол видеоүндеу жазып, бұл істің қолдан ұйымдастырылғанын мәлімдеген. Оның айтуынша, өзіне қарсы істі Алматы қалалық сотының төрағасы, бұрынғы бастығы Асқар Смайылов әдейі ұйымдастырған.

Жәбірленушілердің сөзіне қарағанда, бұрынғы судья өз таныстары мен алыс туыстарын ірі көлемде несие алуға үгіттеп, ол ақшаны өзіне қарызға беруін сұраған. Ол бұл сомаларды тауар сатып алуға керек деп түсіндірген.


Еске сала кетейік, Светлана Жолманова — Қазақстанның сот жүйесінде ұзақ жыл еңбек еткен, бірақ кейінгі жылдары түрлі даулар мен айыптауларға байланысты қоғам назарында болған тұлғалардың бірі.