Алматыда көлік ағашқа соғылып, төрт жас жігіт мерт болды

Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімінің мәліметінше, жол апаты бүгін түнгі сағат 2:20-да Алматының Медеу ауданында болды. Үлкен Алматы каналы бойымен шығыс бағытта келе жатқан Лада көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кетіп, ағашқа соғылған.
«Салдарынан көлік жүргізушісі мен оның үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, тағы бір жолаушы дене жарақатымен қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді. Олардың барі Алматы облысы, Талғар ауданының тұрғыны екені белгілі болды», - деп хабарлады полициядан.
Төрт адамның өліміне әкеліп соққан апат бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалды.
Ведомстводан атап өткендей, қайтыс болғандар 21-22 жастағы жігіттер.
Ұқсас материалдар

Қазақстанда риелторлардың негізсіз комиссия талап етуіне шектеу қойылмақ
🕒 17.11.2026 23:07 · 👁 20
ҚазҰУ-де тағы бір қайғылы оқиға: бірінші курс студенті қаза тапты
🕒 17.11.2026 23:04 · 👁 15
Қостанай облысында бесінші сынып оқушысын зорлады деген күдікпен екі мектеп оқушысы тексеріліп жатыр
🕒 17.11.2026 23:02 · 👁 12
