Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Алматыда намаз оқығандар жолды жапты — төрт полиция қызметкері жұмыстан босатылды

70


Бұл туралы бүгін «Орда» ақпарат агенттігіне құқық қорғау органдарындағы дереккөздер хабарлады. Сонымен қатар, жақында болған намазға қатысушылардың кейбірі ұсталған болуы мүмкін деген мәлімет бар.

Естеріңізге сала кетейік, 6 желтоқсанда орталық қалалық мешіттің маңында жұма намазы кезінде кейбір жамағат көлік жолында намаз оқыған. Осы сәттің бейнелері әлеуметтік желілерде тараған еді.

Алматы қалалық полиция департаменті бұл оқиғаны растап, былай деп мәлімдеді:

«Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері оқиға орнына барып, қатысушыларды жол ережелерін сақтауға шақырды».

Алайда, біздің дереккөздер мәліметінше, оқиғадан кейін мешіт маңындағы жол учаскесіне жауапты төрт полиция қызметкері жұмыстан босатылған. Сондай-ақ, бірнеше намаз оқушының, олардың ішінде шетелдіктердің де болуы мүмкін, ұсталғаны айтылуда.

Қазіргі таңда бұл мәселемен Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті айналысып жатыр. Комитет қызметкерлері жолдағы бұл жағдайдың арандату әрекеті болуы мүмкін екенін тексеруде.

Мұндай күдікке себеп болған тағы бір жайт — Алматыда жолды жауып, жаппай намаз оқуды қалыпты жағдай деуге келмейді.

Тіпті Құрбан айт пен Ораза айт мерекелерінің өзінде намаз оқушылар көлік жолын жаппайды.