Munarmedia.kz 16.03.2026 /Astana/ – Ол жұбайына күш қолданды деген күдікке ілінді.
Алматы қалалық полиция департаменті мәліметінше, оқиға 15 наурыз күні болған. Тұрмыстық жанжалдан кейін ерлі-зайыпты полиция бөліміне жеткізілген.
«Тексеру барысында әйел адам бастапқыда өзіне қатысты физикалық күш қолданылғанын хабарлаған. Алайда кейіннен ол соққыға жығу фактісін жоққа шығарып, отбасылық жанжал бойынша арыз түсірді. Қарау нәтижесінде ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұл – Рахат Турлыханов қатысты мұндай сипаттағы алғашқы жағдай емес. Бұған дейін де әнші жұбайына қол көтергені үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Эпизодтардың бірінде сот оған 10 тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындаған.