«Бүкіл әлем ТРАМПТЫҢ инаугурациясын талқылауда. Ал мен оның мигранттарды жаппай депортациялау туралы жарлығынан ойланудамын», — дейді Нұрмұхамед БАЙҒАРАЕВ.
Оның айтуынша, «Менің қорқып тұрғаным, кейбір қазақтар депортацияға ұшырамас па екен? Өйткені, көптеген отандастарымыз Америкаға жұмыс іздеп, Қазақстандағы қарыздарын жабу және отбасыларына көмектесу үшін барған. Олардың көбісі туристік виза арқылы барып, кейін заңсыз қоныстанды.
Бірқатары жүк тасымалдаушы, Uber жүргізушісі немесе ауыр жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істейді. Бұл өте ауыр жұмыстар.
Енді тек үміттенуге болады, олардың көбісі депортацияға ұшырамаса екен. Өйткені егер паспортқа депортация белгісі қойылып, күшпен елден шығарылса, басқа елдерге виза алу қиын болады. Бірақ, Трамптың көздегені, негізінен, Мексика мен Оңтүстік Америка елдерінен келген мигранттар. Байден де мигранттарды депортациялау бойынша артта қалмаған: өткен жылы 270 мың адамды өз елдеріне қайтарған. Бұл жайында көп айтылған жоқ.
Сонымен қатар, Трамп Аляска мен Арктикадағы мұнай кен орындарын бұрғылауға рұқсат берді. 2016 жылы да дәл осылай болған. Егер 5-6 ай ішінде компаниялар мұнай өндіруді бастаса және оны әлемдік нарыққа шығарса, мұнай бағасы құлдырап, бұл біздің елге зиян келтіреді, өйткені біз мұнай экспортынан табыс табамыз.
Ол сондай-ақ Украина мен Ресей арасындағы соғысты тоқтатуға тырыспақшы. Егер ПУТИН бейбіт келісімге келмесе, АҚШ көптеген санкциялар енгізіп, оны қыспаққа алуы мүмкін. Сонымен қатар, Ресеймен сауда жасайтындарға шектеулер қойылуы мүмкін. Осылайша, ЕАЭО елдері қайтадан шығындарға ұшырауы ықтимал», — делінген мәтінде.
Фото: freepik.com.