2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін кәсіпкер Қайрат Сатыбалдыұлы және онымен байланысты тұлғалардан мемлекетке заңсыз сатып алынған 732,8 млрд теңге немесе 1,6 млрд доллардан асатын мүлік активтері қайтарылды.
Оның ішінде 661,5 млн доллар шетелде сақталғаны анықталды. Қомақты қаржы қысқа мерзімде Қазақстанға қайтарылды.
Қайрат Сатыбалдының үстінен қозғалған қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қайтарылған активтердің жалпы сомасы 732,8 млрд теңгеге тең:
1. «Қазақтелеком» АҚ акцияларының 28,8% - 93,8 млрд теңге;
2. «КСО» АҚ – 30,2 млрд теңге;
3. 4 компаниядағы қатысу үлесі – 10,3 млрд теңге;
4. Қазақстандағы мүлік активтері – 158,5 млрд теңге;
5. Эксклюзивті зергерлік бұйымдар – 105,39 млрд теңге (230 млн доллар):
6. Қазақстан шоттарындағы ақша – 36,8 млрд теңге;
7. Австриядан түскен ақша – 36,8 млрд теңге: (82,1 млн доллар);
8. Лихтенштейннен түскен ақша – 116,7 млрд теңге (260,5 млн доллар);
9. БАӘ-ден түске ақша – 6,3 млрд теңге (14 млн доллар);
10. Түркиядан түскен ақша – 2,2 млрд теңге (4,92 млн доллар);
11. Бағалы қағаздарды сату – 135,8 млрд теңге (300 млн доллар).