Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

«Антикор сіздерді соншалықты қорқытты ма?» – Тоқаев үкіметті сынға алды

orda.kz
79


Президенттің пікірінше, мемлекеттік қызметкерлер жауапкершіліктен қашады және шешім қабылдаудан қорқады. Соның салдарынан елде маңызды шешімдерді қабылдау үдерісі тым ұзаққа созылады.

«Әлі де ведомствоаралық үйлестіруге көп уақыт кетуде. Артық бюрократия жұмысты тежеп отыр. Мүмкін, Антикор барлығын басып-жаншып, қорқытып тастаған шығар. Бұл мәселені шешу керек. Оның үстіне, мен үкіметке кең құзырет берілетінін айтқанмын. Қазіргі уақытта Президент Әкімшілігі үкіметтің жедел жұмысына араласуға құқығы жоқ», – деді Тоқаев.

Сондай-ақ, ол үкіметке «белдікті қаттырақ буып», қаржыны тек ең өзекті мәселелерге жұмсау керектігін ескертті.