Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Ақ үй USAID-тің «ақылға қонымсыз» шығындарын жариялады. Қазақстанға қатысты не айтуға болады?

93


АҚШ президентінің әкімшілігі АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігінің (USAID) күмәнді шығындарының тізімін жариялады.

Ақ үйдің мәліметінше, мұндай шығындар ондаған жылдар бойы жалғасып келеді. Күмәнді тиімділікке ие жобаларға жүздеген миллион доллар жұмсалған.

«USAID ондаған жылдар бойы салық төлеушілерге есеп бермей, бақылаусыз қалған бюрократтардың ақылға қонымсыз, ал кей жағдайда зиянды жобаларына орасан қаражат аударып келді», – делінген Ақ үй хабарламасында.

Жарияланған тізімде шынымен сұрақ туындататын шығындар бар (бұл толық тізім емес):

▪️ 47 мың доллар – Колумбияда «трансгендерлік опера» қоюға;

▪️ 32 мың доллар – Перуде «трансгендерлік комикс» жасауға;

▪️ 70 мың доллар – инклюзивтілікті насихаттайтын ирландиялық мюзиклге;

▪️ 2,5 миллион доллар – Вьетнамға электр көліктерін сатып алуға;

▪️ Жүздеген мың тамақ порциясы – Сириядағы «Аль-Каида» содырларына.

«Бұл тізімді шексіз жалғастыра беруге болады – және мұның бәрі ондаған жылдар бойы жалғасып келеді. Трамп президент болғанда, ысырапшылдық, алаяқтық пен билікті асыра пайдалану дереу тоқтатылады», – деп мәлімдеді Ақ үй.

USAID Қазақстанға қанша қаржы бөлді?

Айта кетейік, USAID Қазақстанды тәуелсіздік алған сәттен бастап қаржылай қолдап келеді. Бұл қаражат азаматтық қоғамды дамытуға, жергілікті басқаруды жетілдіруге, жаңартылатын энергия көздерін дамытуға және цифрлық қызметтерді ілгерілетуге бағытталған.

Орталық Азия мен Қазақстандағы кейбір USAID жобалары:

— «Тиімді басқаруды қолдау бастамасы» – 6,9 млн доллар;

— «Ортақ басқару – ортақ жауапкершілік» – 2024 жылғы ақпанда басталған төрт жылдық жоба. Ол Павлодар, Жетісу, Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстарында жергілікті басқаруды дамытуға бағытталған;

— Орталық Азиядағы азаматтық қоғамды қолдау бағдарламасы – 18 млн долларлық бес жылдық жоба, азаматтық институттарды дамытуға арналған.

Толық тізімді басылым сайтынан көруге болады.

Айта кетейік, жақында Илон Маск USAID-ті COVID-19 әзірлеуін қаржыландырды деп айыптады.


* Фото: USAID (1961 жылы президент Джон Ф. Кеннеди негізін қалаған).