Таң қалғаным қытайдың дизель автобустары. Қолма-қол төлем мен банк картасымен төлейді екен.
Астана бес алты жыл бойы Қолма-қол ақшалай және банк картасының төлемінен бас тартып, QR-кодтық төлемге көшкен.
Кондуктор керек емес.
Сонымен қатар автобустың құны 180 тенге.
Астанада 110 тенге? Неліктен баға соншама өскен?
QR-кодтың бірнеше пайдалы жағы бар.
-Қолма-қол ақшадан бас тарту
QR-төлем жолақыны нақты есептеуге мүмкіндік береді, «көлеңкелі табысты» азайтады.
Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті қайда қарап отыр?
-
Жолаушы билет іздеп, ақша санап тұрмайды — автобус аялдамада аз кідіреді.
-
Ашық есеп пен бақылау
Әр төлем жүйеде тіркеледі. Бұл әкімдік пен тасымалдаушыға нақты статистика береді.
-
Субсидияны әділ бөлу
Нақты жолаушы саны көрінеді, бюджет қаржысы дұрыс бағытталады.
-
Жүргізушіде қолма-қол ақша болмайды — ұрлық пен жанжал азаяды.
Екінші мәселе, экология.
Қала ішіндегі автобустар түгел дерлік қытайлық дизель мен жүретін қысқа автобустар.
Олардың қала табиғаты мен адам денсаулығына зияны шаш етектен.
Ешқандай комфорт жоқ.
Сонымен дизель автобустардың экологиялық зияны туралы айта кетсем:
Дизель қозғалтқыштары азот оксидтері (NOx) мен ұсақ қатты бөлшектерді (PM2.5) көп бөледі.
Бұл — смог демікпе мен өкпе ауруларының негізгі себепкері.
Көп елдер дизель көліктеріне шектеу енгізуде.
Астана қаласында замануи электро автобустарға көшті.
Ол экологиялық зиянсыз, тұрғындар үшін қолайлы әрі артық дыбыс шығармайды.
Құрметті Ақмола облысының әкімі Марат Мұратұлы!
Қала әкімі Әнуар Қайыргелді ұлы!
Сіздерді осы мәселеге баса назар аударып, Көкшетау қаласындағы халыққа қызмет көрсететін автобус парктерде тұрғындарға қолайлы, экологиялық және экономикалық тиімді автобустармен қызмет көрсету жолдарын қарастыра отырып, нақты шешім қабылдайды деген сенімдемін.
Баяжума Асылбек