Munarmedia.kz 22.01.2026 /Астана/ Бұған қалалық қазандықтардың бірінде болған апат себеп болған.
Салдарынан ондаған көпқабатты тұрғын үй жылу жүйесінен ажыратылды. Ал синоптиктер алдағы түнде ауа температурасы −30 градусқа дейін төмендейтінін болжап отыр.
Айта кетейік, бұған дейін жергілікті билік 2025–2026 жылғы жылыту маусымына толық дайын екендерін мәлімдеген болатын. Осы мақсатта Ақмола облысында кешенді жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қазандықтар мен жылу желілері жаңартылған, жабдықтар ауыстырылып, отын қоры жасақталған.
Қысқа дайындық облыстың барлық аудандарында жүргізіліп, бұл жұмыстарға бюджеттен 43 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінгені хабарланған еді.
Қазіргі таңда коммуналдық қызметтер апат салдарын жоюға кірісті. Жергілікті атқарушы органдар тұрғындарды сабыр сақтауға шақырып, жылу беру жақын уақытта қалпына келтірілетінін уәде етуде.